Б.Тілеухан,  Мәжіліс депутаты: Не істерімізді білмейміз

Қытайдан, Өзбекстаннан, басқа алыс-жақын мемлекеттен Қазақ­станға азаматтық аламыз деп тарихи отанына келіп, босып жүрген халық көп.Онсыз да құжатын реттей алмай сандалып жүрген азаматтарды заңсыз жүрсің деп айыптап, соттың шешімін шығарып жатқанымыз өтірік емес.

Жалпы, көмектесуден гөрі, кедергі жасау оп-оңай. Маяны жинаудан гөрі, бір сіріңкемен өртеп жіберу оп-оңай. Еліктіруден гөрі, қаштыру оңай. Халықаралық ратификациялар, конвенциялар бар. Онда бөлініп-жарылған отбасыларды қайта қосуға ықпал жасауға негіз болатын халықаралық құжаттар жоқ емес. Соған сүйене отырып, бір қайранын жасауға болмай ма?

Қандастарымыз босып кетті ғой, қиналып жатыр ғой. Не істерімізді білмейміз. Тепсініп айтуға да халықаралық жағдай онша келе бер­мейді.

365 info.kz

 

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.