Отырарда қайырымдылық шарасы өтті

Отырар ауданында 1 маусым —  Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі баларға арналған «Бар мейіріміміз – балаларға» атты мерекелік шара өтті.

Мерекелік шарада сөз алған аудан басшысы Ерлан Айтаханов «Келешек ұрпақтарды тәрбиелеу, балалардың болашағы  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың дәстүрлі Жолдауларында орын алып, әрқашан көтеріліп келеді. Ұлт Көшбасшысы өзінің Жолдауында «Балаларымыздың болашағы -мемлекеттің болашағы» деген сөзін айта келе,  баланың қуанғанынан артық әлемде бақыт жоқ екендігін жеткізді.

Шара барысында жомарттық танытып, демеушілік көрсеткен  аудандық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйым және зиялы қауым өкілдері бүлдіршіндерді төл мерекелерімен құттықтап, өздерінің шынайы лебіздерін білдірді.
Аудан әкімі Ерлан Қуанышұлы, аудандық мәслихат хатшысы Мырзахан Манапов бастаған депутаттық корпус мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге заттай сыйлықтар үлестіріп, оларды шексіз қуанышқа бөледі.

Концерттік бағдарлама ұсынылып, әуезді әннен шашу шашқан шара соңы спорттық сайыстармен жалғасын тапты.
Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ сынды спорт түрлерінен ойын өрнегін көрсеткен балалар аудан әкімінен арнайы сыйлықтарға ие болып, марапатталды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.