Мемлекеттік рәміздер — мақтанышымыз!

Биыл Ту, Елтаңба, Әнұранға  26 жыл толды. 1992 жылдың 4 маусымында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев «Мемлекеттік рәміздер туралы» Заңға қол қойды.

Тәуелсіздігіміздің басты белгілеріне құрмет көрсету әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы екені анық. Бұл орайда, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев: «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді» деген болатын.

Мерекеге орай Шымкент қаласындағы Тәуелсіздік саябағында қаланың белсенді және өнерпаз жастарының қатысуымен ісшара өтті. Өнерпаздар саябаққа жиналған қала тұрғындары мен қонақтарға патриоттық әндерден шашу шашып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Осы сәтте, Шымкент қалалық мәдениет үйіне қарасты «Қайнарбұлақ» клубында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне  арналған мерекелік шара өткізілді.

Шара барысында тұрғын алабтың өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті.

Сонымен бірге, ұйымдастырушылар бүгін мерекеге орай қала тұрғындарының қатысуымен қаладағы мәдениет үйлерінде орталықтандырылған кітапхана жүйелері мен білім беру мекемелерінде көптеген ісшаралар өткізіліп,  Мемлекеттік рәміздерді дәріптеу жыл бойы жалғаса беретінін жеткізді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.