Б.Сапарбаев, Ақтөбе облысы әкімі: Бiрақ жастарымыз жалқау

Қазір жұрт оңай жолмен мал табуға үйреніп кеткендері соншалық–үп-үлкен кісілер жергілікті әкімдікке келіп, «бізге шөп түсіріп бер» деген талап қояды. «Апа, балаңыз неге жазда шөп шаппайды? Неге шөпті қыста басқадан сатып аласыздар?» десең, ешқандай уәж айта алмайды. Менің ренжитінім осы… Бізде жұмыс істеймін деген жанға барлық мүмкіндік бар. Бірақ жастарымыз жалқау. Бұл олардың болашағы үшін төнген қатер ғой. Жастарымыз жалқау, масыл, жайбасар болатын болса, онда алысқа бара алмаймыз. Ауылда жер, су, шөп бар. Неге сол мүмкіндікті пайдаланбасқа? Мал бағып, тірліктің көзін тауып, әжептеуір шаруашылықтарды басқарып жүрген жастар көп қой. Неге солардан үлгі алмайды?

zhasalash.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.