АҚШ пен Солтүстік Кореяның мемлекет басшылары алғаш рет кездесті

Тарихта бірінші мәрте АҚШ пен Солтүстік Кореяның мемлекет басшылары кездесті. Мұның алдында бірнеше ай бойы Дональд Трамп пен Ким Чен Ын бір-біріне қоқан-лоққы жасап келген болатын. Екі лидер Сингапурдың Сентоза люкс-отелінде қол алысып, одан соң шамамен қырық минуттай оңаша әңгімелесті. Бұл туралы оқиғадан тікелей эфирде ақпарат беріп жатқан ВВС хабарлайды деп жазады Baq.kz ақпарат агенттігі.

Дональд Трамп пен Ким Чен Ын екі ел арасындағы шиеленісті бәсеңсітіп, ядролық қарусыздану жайын талқыламақ.

Саммит немен аяқталады деген мәселеге қатысты сарапшылардың пікірі екіге жарылып отыр. Бірі бұл Кимнің жеңісі, өйткені оған пропаганда жасап отыр десе, екіншілері бейбітшілікке бастайтын жол ретінде бағалайды.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.