Алматылық кәсіпкер Құран сүрелерін үйрететін қуыршақ ойлап шығарды

Алматылық кәсіпкер құран сүрелерін айтатын қуыршақ ойлап шығарды. “Фатима” есімді ойыншық бүлдіршіндерге Алланың 99 есімін жаттатады.

Әрі әрбір мұсылман білуі тиіс басты сауалдардың жауабын үйретеді екен. Елімізде аналогы жоқ ойыншықтарға қазірдің өзінде сұраныс көп көрінеді. Сондықтан оларды шетелге де сатылымға шығару жоспарлануда, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Фатима атты сұлулығы көз тартар бұл қуыршақтар кішкене қыздарға әр мұсылман білуі тиіс пайдалы білім береді. Бүлдіршіндер ойыншықпен танысқасын онымен бірге қайталап, қысқа сүрелерді емін-еркін жаттап алады. Әрі, Алланың 99 көркем есімін үйренеді. Сонымен қатар Фатиманың тағы бір ерекшелігі – Аллаға мадақ сөздерді айтып мағынасын түсіндіреді.

«Мен әртүрлі сөйлейтін ойыншықтар көріп жүрмін. Сөйлеqтін ойыншықтарға қарасам, жәй ән айтады, балаға ешқандай пайдасы жоқ. Тек ата-анасына ұнаған соң алады. Сондықтан мен  бір үйретуші мақсатында болса ойладым. Сөйтіп жүрген кезде сүрелер үйрету ойыма келді. 6 сүре айтады: Фатиха, Ықылас, Фалях, Нас, Кәусар, Аль Асир сүрелері. Бұл қысқа сүрелер балаға жаттауға біріншіден жеңілірек. Екіншіден, намаз оқыған кезде әртүрлі дұғалар жасаған кезде, құран оқыған кезде жиі қолданылатын сүрелер болғандықтан осы сүрелерді таңдап алдық», — деді кәсіпкер Бағдат Тоқтарбеков.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.