Шымкентте Орта Азиядағы ең үлкен балалар ойын су қалашығы ашылды

Шырайлы қалада соңғы кездері көптеген мәдени орындар, саябақтар мен демалыс орындары ашылып, халық игілігіне берілді.

Шымкент жаңа аквапаркпен толықты.  Еуропалық стандартқа сай, таза экологиялық  аквапарктің  жалпы жер көлемі 2 гектарды құрайды.

Ойын сауық су кешенінің аумағы екіге бөлінген: үлкендерге арналған және балаларға арналған. Онда биіктен сырғанайтын 8 төбешік орналасқан. Оның 2-еуі биіктігі 22 метрді құрайтын еліміздегі ең биік төбешік болса, ТМД елдері арасында ең ұзын төбешік те осында бой көтерген. Жалпы аквапаркте 3 бассейн бар. Мұнда жасанды толқын және бассейін суын жылытуға арналған құрылғылар орнатылған.

«FONTAN» аквапаркі Орта Азиядағы ең үлкен балалар ойын су қалашығы болып есептеледі. Ол бір мезгілде 2000-нан астам адамға қызмет көрсете алады. Аквапарк 200-ге жуық адам жұмыспен қамтылған.  Балаларға түрлі анимация  да қарастырылған.

Балалардың жазғы каникулға шыққан сәтінде құрылысы аяқталған аквапаркте бір мезетте мыңға жуық адам тыныға алады.

Шара барысында балаларға арналған ойын-сауық бағдарлама мен ұтыс ойындары ұйымдастырылды. Кеш соңы Қазақстанның эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.