Н.НЫҒМАТУЛИН, Мәжіліс төрағасы: Бiрақ бұл ақшаларды қалай қайтарамыз?

Министрліктер өз құрылымындағы бөлімдердің қызметінің тиімділігін көрсететін көрсеткішті жасауға қауқарлы. Олар өздері дөңгелек үстелдер мен конференцияларды ұйымдастыра да алады. Министрліктерде толық бір аппарат отыр. Жоқ, оның орнына сіздер ақшаны процентпен қарызға алып, оған шетелдік мамандарды шақырасыздар.

Бізде қарыздарды алуға кім қол қояды? Министрлер қол қояды. Олардың статусы жоғары. Вице-министрлер де қойған деректер де бар. Бірақ бұл ақшаларды қалай қайтарамыз?

Елбасымыз айтқандай, «мемлекеттің ақшасы ол–халықтың ақшасы». Сондықтан, оның әрбір тиыны нәтижелі және тиімді жұмсалуы керек. Бұл біздің жұмысымыздың ең негізгі бағыттарының бірі. Осы жолда бүгін өзіміз куә болғандай, атқарылып жатқан жұмыстар өте көп. Бірақ та, кейбір кемшіліктер де әлі бар.

Baq.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.