Грузия ғалымдары Марста жүзім өсірмек

АҚШ-тың Марсқа халықты қоныстандыру туралы бастамасына Грузия да өз үлесін қосуға ниетті. Бұл ел Қызыл ғаламшарда өздерінің ең танымал өнімі – жүзімді жерсіндіру арқылы әлемді дүр сілкіндірмек.

Тбилисидің ауылшаруашылық ғалымдары Марста жүзім өсірудің нақты жобасын жасап та қойған. Олар өз жобасына НАСА ғарышкерлерінің зерттеу нәтижелерін негіз етіп алыпты. Марста жүзім Space Farms компаниясының ерекше жылыжай кешендерінде өсірілмек.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.