Мәдениет қамқоршысы – ауыл әкімі

Түркістан облысының Созақ ауданында облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық Мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен  тұңғыш рет мәдениет үйлері мен ауыл әкімдерінің байланысын арттыруға арналған «Мәдениет қамқоршысы – ауыл әкімі» атты семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңестің мақсаты- жергілікті әкімдік пен мәдениет үйлері және ауылдық клубтар арасындағы байланысты нығайту, бірлесе еңбек етуіне жол ашу, әріптестік қарым-қатынасты арттыру болып табылады.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында семинар-кеңеске қатысушылар Созақ ауданындағы «Ысқақ баб», «Қарабура» тарихи, қасиетті   орындарына зиярат етіп, танысудан бастады.
Ауданның қолөнер және қылқалам шеберлерінің  «Рухани жаңғыру» көрмесі ұйымдастырылып, аймақтың қадір-қасиеті мен ерекшелігі өнерлілер тудырған дүниелермен дәріптелсе, Созақ ауданының 90 жылдығына арналған көрме де өзіндік мол шежіресінен сыр шертті.
«Ұлт мәдениетін дамытушы бас тұлға  – әкімі бастаған халқы»-деп, баяндамасын оқыған
М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің доценті, п. ғ. к. Камалова Нәсіпқаным Камалқызы бірқатар мәселелерге тоқталып, мәдениет саласы мен ауылдық билік арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған ұсыныстарын да жеткізді.
Созақ аудандық мәдениет және тілдерді  дамыту бөлімінің басшысы Нұрғайша  Балаубекова ауылдық мәдениет мекемелерінің елдің рухани жаңғыруына қосар  үлесі жөнінде мәлімдеді.
Сонымен қатар,   «Халыққа мәдени қызмет  көрсету–рухани даму мүмкіндігін туғызу» тақырыбында баяндама оқыған  Отырар ауданындағы Талапты ауыл округінің әкімі         Жіпсібаева Динара Әбілқасымқызы мәдени ошақтарға көңіл бөлу және мәдениет саласына елдің қызығушылығын арттыруға бағытталған ойларын ортаға салды.
Осы орайда, Сайрам ауданындағы Жібек жолы мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Окетова Гүлзат Барысқызы  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мәдениет үйінде ұйымдастырылған іс-шаралар мен олардың ерекшелігі, мән-мағынасы жөнінде әңгімелеп берді.
Баяндамашылардың көтерген мәселелері мен оларды шешу жолдарын көрсетуге бағытталған ойларына назар салған жиынға қатысушылар өз ой-пікірлерімен де бөлісті.
Басқосу Созақ ауданы өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.

Түркістан облысының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.