ТҮРКІСТАНДА «КҮЙ ҚҰДІРЕТІ» БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ

Н.Ә. Назарбаев шілденің алғашқы жексенбісін «Ұлттық домбыра күні» ретінде атап өту туралы жарлыққа қол қойғаны белгілі.

Осы орайда Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің алдында 1500 домбырашы және Сүгір атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі мен
өңіріміздің аудан, қалаларында бір мезетте 1500 домбырашының қатысуымен басталған «Ұлттық домбыра күні» мерекесі қалалық мәдениет үйінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттай отырып дәулескер күйші Төлеген Момбековтің 100 жылдығына арналған «Күй құдіреті» облыстық күйшілер байқауына ұласты.

Байқаудың мақсаты — атадан мирас болып келе жатқан төл өнерді жаңғырту, күй құдіретіне бас иіп, домбыра үнімен сыр шертіп, сайын дала тілін күмбірмен жеткізген атақты күйшілердің шығармаларын оның ішінде елімізге белгілі дәулескер күйші Төлеген Момбековтың шығармаларын кеңінен насихаттау, аспаптық музыканы тереңірек таныстыру арқылы жастардың эстетикалық болмысы мен танымын қалыптастыру, қызығушылығын арттыру, күй құдіретімен елдің рухын асқақтату болып табылады.

Байқауды Түркістан облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асылхан Темірханұлы құттықтау сөзбен ашып берді.

Байқауға 16-30 жас аралығындағы 26 үміткер қатысып, екі кезең бойынша, яғни Сүгір Әліұлы мен Төлеген Момбековтің күйлерін, екінші кезеңде «Оңтүстіктің 100 күйі» жинағы мен Құрманғазы Сағырбайұлының шығармашылығын орындауда. Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табыс етіледі.

Күйшілер мекені саналатын Түркістан облысынан Сүгір Әліұлы, Ергентай Борсабаев, Жаппас Қаламбаев, Файзулла Үрмізов, Генерал Асқаров, Жанғали Жүзбаев сынды көптеген күйшілер шыққан.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.