Өнерпаздар қоғамдық көлік ішін әуенге бөледі

Бүгін елімізде тұңғыш рет өкізіліп отырған «Ұлт­тық домбыра күні» мерекесіне орай, Шымкенттегі қоғамдық көліктерде қазақтың күйлері күмбірледі. Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Ұлттық домбыра күніне» орай 74, 135 және 92 қоғамдық көліктерде домбыра күні насихатталды. Шара барысында әуенді әндер мен күмбірлеген күйлер орындалды. Өнерпаздар бір уақытта қоғамдық көлік ішін әуелеген әнге бөледі.

Күмбірлеген күй шаршаулы көлік жолаушыларының көңілін бір серпілтіп тастады. Жұртшылық флешмобты жаппай суретке, видеоға түсіріп,  ұйымдастырушыларға ризалығын білдіріп жатты. Абай ауданы әкімі аппараты қызметкерлерінің айтуынша, мұндай шаралар ауданда жиі өткізіліп, тұрғындарға әрдайым мерекелік көңіл-күй сыйлайтындықтарын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.