Арман бастаған жігіттер Астанада топ жарды

Үстіміздегі жылдың  4-8 шілде аралығында Астана қаласында өткен дәстүрлі «Азия жаңғырығы» халықаралық фестивалінде Түркістан облысы «Оңтүстік-Цирк» мекемесінің  «Эксклюзив» тобы алтын медальді қанжығасына байлады.

Астананың туған күніне орай жыл сайын елордада өтетін цирк өнерінің додасына биыл Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Вьетнам, Ресей, Беларусь, Франция, Канада, Никарагуа, Эфиопия және Венгрия сынды 13 мемлекеттің 60-тан аса  цирк майталмандары қатысып, бақ сынады.

Қиынынан қиысқан күрделі трюктерден тұратын «Өлім доңғалағы» нөмірімен көпшілікті таң қалдырған түркістандық жігіттер бас жүлдеге лайық деп танылып алтыннан алқа тақса, күміс жүлдені-Белоруссия елінің мәдениет майталмандары, қола жүлдені — Қазақ Мемлекеттік циркінің әртістері иемденді.

Фестивальге құрметті қонақ ретінде  Венгриядан танымал піл үйретуші Ричард Такас пен Украинадан шоу-бағдарламалардың жетекшісі Виктория Гриценко шақырылды.

Түркістан облысының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.