Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтетін күн белгіленді

Алматыда Денис Тенмен қоштасу рәсімі 21 шілдеде Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде сағат 10.00-де өтеді.

19 шілде күні Алматыда Денис Тен пышақ жарақатынан соң қайтыс болды.

Оған сол күні шабуыл жасалған еді. Оқиға 15.00 шамасында Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болды. Спортшы денесінің бірнеше жеріне пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан.

Ол Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер спортшыға шұғыл көмек көрсеткенімен оны аман алып қалу мүмкін болмады.

Спортта еліміздің туын желбіретіп жүрген талантты спортшы ұлының қазасы қалың елдің қабырғасын қайыстырып кетті. Елбасы Н.Назарбаев Д.Теннің жақын туыстарына қазаға ортақтасу жеделхатын жіберді. Үкімет мүшелері, өнер мен қоғам қайраткерлері және көпшілік әлеуметтік желілерде қайғылы оқиғаға көңіл білдіріп, аяулы ұлды еске алып жатыр.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.