Қымбатты Талғат!

Өміріңде орны бөлек туған күніңнің қуанышымен шын жүректен құттықтаймын!Мектеп қабырғасында жүрген кезіңде-ақ, баспадан газет шығарып оңтүстік жұртшылығын еріксіз тәнті етсең, ол да саған Алланың берген ерек қабілетінің арқасы биік болса керек. Сен өзіңнің замандас әріптестеріңнен оқ бойы озық келе жатқан алғыр ойлы қаламгердің бірі екендігің барша жұртшылыққа аян. Сенің өзіңнің қол жеткен жетістіктеріңе тоқмейілсіп қалмай, үнемі ізденімпаздықта жүріп, жаңашылдыққа тың құлшыныспен бой ұратыныңды қатарлас әріптестеріңе үлгі-өнеге екенін ілтипатпен айтуға болады. Отызда өзіңді елге танытқан орда бұзар болмысыңмен келдің, енді біз Сені қырықтың қырқасындағы биік-биік белестерден көрейік!

Халыққа адалынан қызмет көрсетудің жолынан тайма. Дәулетті, перзентті өскен-өнген әулеттің басы бол! Талғаттың қанаты талмауына тілектеспіз!

 

Құрметпен, Қазақстан жолы газетінің бас редакторы, Оңғар Тәжиев

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.