Әбдіуақап ҚАРАР, Түркиядағы МС КӨУ профессоры, т.ғ.д.: Бұл сылтау емес.

«Сананы тұрмыс билейді» деген сөздің орны бар. Саясаттың тілі, шаруашылықтың тілі, тұрмыстың тілі қазақ тілі болмай барлық жұмыс бекер болып қала бермек. Ал қазақ тілі қолданылмайтын жерге қазақша тілмәш ұстау керек. Қазір мен жиі байқаймын, дипломаттарымыз шетелдерде орысша сөйлеп жатады. Неге деп сұрасаңыз қазақша тілмәш жоқ дейді. Мәселен қазақшадан тікелей француз тіліне аударатын аудармашы таппағандарын айтады. Ал орыс тілінде ондайлар көп дейді. Бұл сылтау емес. Егемен атанғанымызға жиырма жылдан асты. Осы күнге дейін мықты аудармашыларды көптеп тәрбиелеуге әбден болатын еді.

newsasia.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.