Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов ел ағаларымен жиын өткізді

Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.П.Мәуленқұлов ауданға қарасты 9 мешіт имамдарымен және аудандық ардагерлер кеңесі мүшелерімен, аудан ақсақалдармен кездесу жиынын өткізді. Жиын барысында бүгінгі қоғамдағы дін мәселесі, ұлттық құндылықтар мәселесі және ислам дінінің қазақ салт-дәстүрімен байланысы бүгінгі таңда жастарымызды тәрбиелеуде дін мен дәстүр сабақтастығының тәрбиелілік мәнінің маңыздылығы жөнінде пікірталас әңгіме өрбіді. Жиында аудандағы орын алып жатқан жаназа және жерлеу рәсімдерінде  олқылықтарға жол бермеу, діни шаралар, ас беру мәселелерін бірізділікке салу мәселесі де сөз болды.

Сонымен қатар, алдағы келе жатқан Құрбан айт мерекесін аудан көлемінде өткізудің нақты тәртібі, айт кезінде жетім-жесірлерге, жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету бойынша ауданда атқарылатын жұмыстарды пысықтады.

Аудан әкімі Ғабит Патшаханұлы өз сөзінде құрбан айт мерекесін өткізудің және құрбандыққа шалынатын мал сою тәртібін, мал сою бекеттерінің тазалық жұмыстарын ұйымдастыру бойынша және аудан тұрғындарына ыңғайлы жағдай қалыптастыру мақсатында мал сою бекеттері алдағы уақытта белгілеп қосымша хабарланатынын айтты.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.