Шымкентте 100 орындық балабақша ашылды

Бүгін Шымкент қаласындағы Кіші Самал шағынауданында «Лилия» балабақшасы ғимаратының ашылу рәсімі өтті.

Балабақша 100 орынға есептелген, дегенмен, ондағы 75 орынға мемлекеттік тапсырыс бар. Ондағы жолдама алған балалар үшін төленетін төлем ақы көлемі мемлекеттік балабақшалармен теңестірілген.

Балабақша ұжымының ұстанған негізгі бағыты — бүлдіршіндерді салауатты өмір салтына баулымақ. Сумен ширықтыру және жаттығу терапиясынан (физиотерапия) бөлек, мұнда музыка, хореография және ағылшын тілдерінде қосымша сабақтар жүргізіледі.

Айта кетейік, 2018 жылы 459 мектепке дейінгі мекемеде 69 764 бала білім алады.
88 балабақша мемлекет меншігі болып табылады. Онда 24 261 бүлдіршін қамтылған, мектеп жанынан ашылған 20 шағын орталықта — 1070 бала, 351 жеке меншік иелігіндегі балабақшада – 32 572 бала бар. Мектепке дейінгі білім беру топтарында (5-6 жас) — 11 861 бала қамтылып отыр.

Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, балабақшаларда 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндердің 87,9 пайызы (30 546 бала) қамтылған. 2018 жылы бұл көрсеткішті 90 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.