Терроризмнiң қаупi салиқалы сөз етiлді

Жуырда киелі Түркістан аймағындағы Ораңғай ауылдық округіндегі Мәдениет үйінде Ораңғай ауыл округі әкімшілігінің ұйымдастыруымен және ішкі саясат бөлімінің ұйытқы болуымен «Терроризм мен діни экстремизм–бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбында кездесу өткізілді.

Кездесуге Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Рысбеков, Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы М.Қалеке, ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теологы І.Нағызхан, облыстық Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің теологы Б.Нұриддинов, ауыл тұрғындары, мектеп мұғалімдері мен оқушылар, ауыл ақсақалдары мен елді мекен азаматтары, ауыл округ әкімшілігінің мамандары, мешіт имамдары қатысты.

Қала әкімінің орынбасары Ғ.Рысбеков дін мәселесінің өзекті екендігін айта келіп, бүгінгі кездесудің маңыздылығына жан-жақты тоқталды. Ал, теолог Б.Нұриддинов дәстүрлі емес діни ағымдардың ерекшеліктері, ислам дінінің таралуы, діни экстремизмді насихаттайтын интернет ресурстарының қауіптілігі туралы кеңінен сөз етті.

Кездесудің соңында Ораңғай ауыл округінің әкімі С.Пірметов пен Ораңғай ауылының ақсақалдар алқасының төрағасы А. Пахриддинов діни экстремизмнің алдын алу мақсатында осындай келелі кездесулердің көптеп өткізілуі керектігін айтып, кездесуге келген қала әкімінің орынбасары Ғ.Рысбеков пен ішкі саясат бөлімінің теолог мамандарына ауыл тұрғындары атынан алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ таяуда Арыс қаласы Ақдала ауылдық округі бойынша да діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында жастар мен ауыл тұрғындары арасында анонимді сауалнама өткізілді.

Сауалнамада тұрғындардың Қазақстан Республикасы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын және оны білу деңгейін, деструктивті діни ағымдарға көзқарасын анықтау мақсатында сұрақтар қойылды. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына қатысты мәселелер де көтерілген.

Дін дегеніміз — ежелден келе жатқан мәдениет түрінің бірі. Былайша айтқанда, дін адамгершіліктің, қайырымдылықтың, ізгіліктің, мейірбандылықтың мықтап орнығуына, адами асыл қасиеттердің жоғалмауына көмектесуде. Қиянат қылмауға, ұрлық істемеуге, кісі ақысын жемеуге, әлсіздерге үстемдік жасамауға, жетім-жесірге, қаріп-қасірге қорған болуға,  адал жүруге үндейді асыл дініміз. Дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күш, Алланың барлығына сенім. Діннің басты белгісі – адамның ақыл-ойы, сезім мүшелері қабылдай алмайтын болмыс ретінде сену және оны мойындау. Осы күні Ақдала елді мекенінде Б.Исабековтың ұйымдастыруымен жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жасалынған кездесу іс-шарасы да ұйымдастырылды. Кездесудің барынша мазмұнды болуының қарастырылғанына кездесуге келгендер ризашылығын білдірді. Іс-шара барысында арнайы кітапшалар таратылды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.