Кереғар ағымдардың кесапатынан сақтандыру

Таяуда «Нұр Отан» партиясы Сайрам аудандық филиалының қызметкерлерімен кездесу болып өтті.

Кездесуде ауданның теолог маманы А.Тажибаев «Діни ағымдардан сақтанайық» тақырыбында ауқымды ақпараттар берді. Ол дәстүрлі емес діни ағымдардың насихатынан сақтану керек екенін айтып келіп, кездесу соңында мекеме қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап бере білді.Осы күні Сайрам аудандық электр тарату мекемесінің қызметкерлерімен де кездесу болып өтті.

Кездесуде «Сәләфи ағымының қауіптілігі» мәселесі кеңінен талқыланды. Ауданның теолог маманы А.Тажибаев сәләфи ағымындағылардың теріс насихатына тоқталып, қазіргі таңда көп таралып жатқан кереғар діни ағымдардың бірі сәләфия бағыты екендігін айтып өтті. Ұлттық дәстүрлерге қарсы шығып, ҚМДБ-ға қарасты жергілікті имамдармен талас-тартысқа түсіп, мешіттің тәртібін бұзуға шейін баратындығын да ашық айтты. Олардың ханафи мәзһабын мойындамай, дүрбелең туғызудан тайынбайтындықтарын да атап көрсетті.

Мұндай әрекеттердің ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабын бұзу болып табылатындығын, яғни дінаралық, ұлтаралық алауыздық тудырғаны үшін жазаға тартылып, 5 жылдан 7 жылға дейін темір торға қамалатынын ескертті. Сондықтан діни ағымдардың насихатынан сақтану керек екенін айта келіп, кездесуге келген мекеме қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптарды бере білді.

Сондай-ақ, Сайрам ауданының төтенше жағдай басқармасы өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен кездесу болып өтті.Кездесуде «Діни ақпаратты тексеріп көр» тақырыбы ортаға салынғанда сөз бастаған аудандық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы М.Байымбетов қазіргі уақытта дін мәселесі күрделеніп, түрлі теріс діни ағымдар көбейіп кеткендігіне тоқталып өтті. Діни ақпаратты алу үшін теолог мамандардың ақпараты мен көмегінің керектігі де салмақты сөз етілді.

Ауданның теолог маманы А.Тажибаев қоғамда діни ақпарат аларда ол ақпарат қайдан алынды, оның сілтемесі қалай көрсетілген, соны қарап, мұқият тексеру керектігіне тоқталды.Сонымен қатар қазір діни ағымдардың насихаты интернет, әлеуметтік желіде белсенді, ашық таралуда, егер де теріс діни ағымдардың насихаты болса, оны сақтауға, таратуға, лайк басуға тыйым салынатындығын нақтылап айтып өтті. Ал, оның соңы айыппұлмен немесе заңмен қаралатындығы да ескертілді. Сондықтан да ол теріс діни ағымдардың насихатынан сақтану керектігін көңілге қонымды етіп жеткізді. Діни ақпаратты теолог мамандар мен ҚМДБ-ға қарасты имамдардан алуға шақырды. Кездесу соңында мекеме қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап берілді.

Түркістан облыстық әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы аудандағы бөлім басшыларымен бірлесе Елбасының бес әлеуметтік бастамасын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы тапсырмалардың орындалуы және олардың іске асырылуы бойынша әртүрлі этнос өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырып, этносаралық татулық, конфессияаралық келісім, ынтымақтастық, бірлікті күшейтудің үгіт-насихат жұмыстары кеңінен жүргізілді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.