Тәтті тағамдарды жақсы көретін бойжеткен жауапқа тартылуы мүмкін

Qazygurt.kz. Түркістан облысының Сарыағаш ауданында полиция қызметкерлері дүкенге кіріп 15 мың теңгенің (Ұлттық банк курсының бағамы бойынша 40 доллар) балмұздағын жеп, кейін өзімен бірге тағы ала кеткен бойжеткен ұсталды.

Дүкенінің тоналғанын иесі таңертең көрген, деп хабарлайды otyrar.kz сайтына сілтеме жасаған sputnik.kz.

Таңертең жұмысқа келген әйел дүкен ішінің астаң-кестеңі шығып жатқанын көреді. Тауарды тексеріп шыққан соң әйел дүкеннен тек балмұздақтар жоғалғанын анықтайды. Сондай-ақ, көптеген балмұздақтың сырты жерде жатқан. Яғни ұры ешқайда асықпаған сыңайлы. Сол жерде жеп үлгермегеннің барлығын ұры өзімен бірге ала кеткен.

Тәттіні ерекше жақсы көретін ұры дүкен иесін 15 мың теңге шығынға батырды. Полиция қызметкерлері ұрыны шағым түскен соң араға бірнеше сағат салып ұстады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.