Елбасы қалалық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты

«Shymkent» ӘКК төрағасы Рашид Аюпов Мемлекет басшысына үшінші мегаполисті цифрландыру жобалары туралы баяндады.

Білім беру жүйесінде білім беру сапасын жақсартуға және ашықтық қағидатын қамтамасыз етуге бағытталған 4 жоба іске асырылуда. Бұлар — Indigo (Blockchain бағдарламасын пайдалана отырып, бүлдіршіндерді балабақшаларға автоматты түрде қабылдау), балаларды мектепке қабылдау бойынша Sakura жобасы,оқушылар арасындағы құқық бұзушылық санын азайтуға бағытталған I-mektep, t-hunter (мұғалімдерді қабылдау бойынша) жобалары.

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша қазір медқызметкерлерді жұмысқа қабылдау бойынша осындай бағдарлама әзірленуде.

Тағы бір сәтті іске асырылып жатқан жоба – «Damumed», ол мобильді қосымша дәрігерді үйге шақыруға, дәрігердің қабылдауына жазылуға және емдеу мекемесінде есепке тұруға мүмкіндік береді.

«Қауіпсіз қала»жобасы. Жоба аясында зияткерлік қиылыстар саны 21-ге дейін артты. Қалада 479 бейнекамера орнатылған. Қазір Астананың тәжірибесі бойынша Шымкентте «Сергек» жүйесі орнатылуда.

«Қоғамдық көлік» жобасы аясында 2019 жылы 30 автобус электронды билет жүйесімен жабдықталады. Сонымен қатар 2019 жылдың бірінші тоқсанында 300 жаңа автобус, 2019 жылдың соңына дейін тағы 700 автобус сатып алу жоспарлануда.

ТҮКШ және АӨК саласында да жобалар бар. Сондай-ақ, қаланы басқару жүйесіне жасанды интеллектті енгізу жөніндегі жоба жасалған. Қазір үш бағытта жұмыс жүргізілуде: ақылды экономика, әлеуметтік сенім және АӨК бағалау бойынша модуль құру.

Start Up жобаларды жүзеге асыратын «Shymkent TechGarden» цифрлық орталығын құру жоспарда тұр.

Анықтама ретінде, Шымкент қаласындағы Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы Астана қаласының 20 жылдығына орай ашылған. Жалпы алаңы — 6 600 шаршы метр. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бір терезе қағидаты бойынша жұмыс жасайды. Мұнда тұрғындарға кәсіпкерлік, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бойынша қызмет көрсетіледі. Еске салайық, орталық Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы аясында іске қосылған. Күнделікті 1600 адамға дейін қызмет көрсету мүмкіндігіне ие.

shymkent.gov.kz

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.