Р.Әлқожа, әнші:    … салт-дәстүрдi де ұмытпасын

Менің бір құрбыларым бар. Олар «Келінге орамал тақпа деп айттым. Сәлем салма деп айттым. Қалағаныңша жүр деп айттым»,- дейді. «Қалағаныңша жүр» дегеннің артында қайтара алмайтын қасірет бар.

Келін жаңа түскен отбасыға 5-7 жылда сіңіп кетеді. Ол осы уақытта үлкендерден бата алуы керек. Балалы болуы керек. Алайда қазір келінді «қыз» сияқты ұстап, артынша «тайраңдап кетті» деп ренжіп жатамыз. Келіннің табиғатын заманауи қазақтар өзіміз бұзып жатырмыз.

«Сәлемді» келін не үшін салады? Ол қайынағасының бетіне қарамау үшін, қайын апасынан именіп тұру үшін сәлем салады. Қазақтың салт-дәстүрін заманауи түрде жаңғыртуымыз керек. Келіндер баратын жеріне барсын, қатарынан қалмасын. Бірақ салт-дәстүрді де ұмытпасын.

nur.kz

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.