З.Ахметова:   Ол жаңғыру емес, қаңғыру

Бәрі де рухани жаңғыру деп әлек болып кетті. Беті жылтыраған екі әншіні шақырып, соған ән айтқызып, сол шараны «рухани жаңғыру» дейді. Ол жаңғыру емес, қаңғыру. Рухани жаңғыру үшін сана жаңғыру керек. Қазақтың сан ғасырлық өнегелі тәрбиесі жұлмаланды және мүлде басқа жаққа қарай бұрылып кетті. Сондықтан біздер көп жерде талай нәрседе тығырыққа тіреліп отырмыз.

Егемендік алғаннан кейін шекарамызды ашып, құшағымызды жайдық. Жақсы да келді, жаман да келді. Біз көргеніміздің барлығын қабылдадық. Батыс келіп жалаңаштады. Шығыс келіп тұмшалады. Ат төбеліндей бір уыс қазақтың шақшадай басы шарадай болды. Қай жағына қарарын білмей қалды. Сол ата-ана өзінің ұрпағын да адастырды. Қисық ағаштың көлеңкесі де қисық болады. Балаларды ата-аналардың өздері бүлдірді.

nur.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.