Қ.ШАМАХАЙҰЛЫ:…  елiмiздiң  ЖОО-ларында көп дүние асты-үстiне түсiп, былығып жатыр

Мен АҚШ-тың алдыңғы қатарлы 9 университетінің табалдырығын аттап көрген адаммын. Олардың бәрі айнадай таза.

Университеттің іш-сырты ғана емес, онда дәріс беретін профессор-оқытушылар да рухани өте таза, еңбегіне адал. Біздегідей көкке қарап, қабағын қарс түйген ешкімді онда кездестірмейсің. Ректорлары студенттермен дәлізде кездессе де емен-жарқын сөйлесе береді. Ал, біздің ректорлар жан-жағын күзетпен қоршап алып, көмекші-кеңесшілерін алды-артына сүмеңдетіп, өзін патшадай сезініп ырбиып кетіп бара жатады. Қабылдауына жолатпайтын қабаған иттей хатшылары болады. Олар өздерін сол университеттің қожайынымыз деп ойлайды. Ол жерде шын қожайын – студент! Осыны білмегендіктен қазір еліміздің ЖОО-ларында көп дүние асты-үстіне түсіп, былығып жатыр.

Қайсы бірін айтасың, кейбір профессор-оқытушы өзінің біліктілік деңгейі студенттен де төмен бола тұра оларға зіркілдеумен, шаңқылдаумен 50 минутты зая кетірсе, сессия кезінде пара алуға ниеттенсе, университеттің іші де, сырты да кірлеп, баттасып жатса, жастар шетелге ағылмағанда не істейді.

Alashainasy.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.