А.ШПЕКБАЕВ, ҚР МҚІжСЖҚІҚ агенттігінің төрағасы: Бүгiнде бизнеске еш қысым жасалмауы керек

Елбасы биылғы Жолдауында биз­несті заңсыз әкімшілік қысымнан қорғауды кезекті рет еске салды. Биыл біздің агенттік Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, бизнес пен инвестицияларды қорғау бойынша жаңа жобаны іске қосты. Жобаның негізгі мақсаты – жемқорлықтан қорғау үшін агенттікке жүгінген кәсіпкерлер мен инвесторлар қызметіндегі қағазбастылық іркілістер және жемқорлық шығын­дарды жою.

Жаппай кәсіпкерлік пен инвестициялар – халықтың жұмыспен қамтылуының кепілі. Жаңа жұмыс орындары құрылып, жаңа ақпараттық технологиялар пайда болады. Бүгінде бизнеске еш қысым жасалмауы керек, кей адамдар бизнесті сауын сиырдай көреді. Сондықтан, бүгін бизнеске қолдау көрсетсек, келешекте халықтың жалақысы жоғарылап, жеткілікті зейнетақы алады, инфрақұрылым дамиды.

«ҚҮ»

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.