ЖАНУАРЛАР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

Жануарлар — табиғат  тартуының  тамаша  жаратылысы. Табиғат-ананың төл перзенттерінің  қызықты қылықтары мен жұмбаққа  толы  сан алуан деректер  адам  баласын  еріксіз таңғалдырары  сөзсіз.

1. Дүниеге келгеніне екі күн болған қарақұйрық сағатына 95 километр жылдамдықпен жүгіре алады.

2. Үнді жыланы 2,4 метр қашықтықта тұрған өз құрбанының көзіне асқан дәлдікпен уын шашып, өлтіре алатын ерекше қасиетке ие.

3. Тарантул бүйесі қорексіз екі жыл өмір сүре алады.

4. Сиыр күніне, орта есеппен алғанда, 400 литр метан газын бөліп шығарады екен.

5. Түкті араның көзінде шаш өседі. Сол арқылы гүл тозаңын жинайды.

6. Чау-чау тұқымдас иті өзге иттерден тілінің қаралығымен ерекшеленеді.

7. Ирландия, Исландия, Гренландия және Антарктидада жылан өмір сүрмейді екен.

8. Керіктің мойын омыртқа саны – адамның мойын омыртқасымен бірдей. Бірақ, керіктің мойыны адамдардан әлдеқайда ұзын екені бәрімізге мәлім.

9. Араның ызыңы өзінен емес, қанаттарының қағысынан шығатын көрінеді, олар қанаттарын минутына 11 400 рет қағады.

10. Басенджи – үре алмайтын жалғыз ит тұқымдасы.

11. Дельфиндер бір көздерін ашып ұйықтайды.

12. Үлкендеу пілдің салмағы  – орташа киттің тіліндей-ақ.

13. Акула тісін сегіз күн сайын ауыстырып тұрады. Сондықтан, олардың тістері болаттай берік болады.

14. Піл өз баласын жиырма екі ай көтереді екен.

15. Солтүстік америкалық опоссум баласын небары сегіз-ақ күн көтереді.

16. Тауық жылына, орта есеппен 190 жұмыртқа басып шығарады.

17. Қолтырауындар тас жұтқанды жақсы көреді, нәтижесінде, асқазандары жақсы жұмыс жасап, тас олардың су түбіне тереңдеуіне көмектеседі.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.