ТЕРРОРИЗМГЕ ЛАЙЫҚТЫ ТОСҚАУЫЛ КЕРЕК

Жастар – еліміздің ертеңі. Қазіргі таңда жастар арасында дінге, имандылыққа бет бұрғандар көп-ақ.  Дегенмен таралып жатқан көптеген жат ағымдар өз қатарын жастар есебінен толықтыруды көздейтіндігі де көпке мәлім.

Шынында да дәстүрлі емес діни ұйымдардың, кереғар ағымдардың ең негізгі көңіл бөлетін басты нысаны – жастар. Олар жастардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың талаптары мен талғамдарына баса назар аударады.  Сондықтан «Қазақстан жастарына діни ұйымдардың ықпалы» мәселесі әлі де басты назарда. Яғни діни ағымдардың психологиялық дайындығы жоғары екендігі көпшілікті алаңдатады. Олай болса, өңірімізде де жат ағымдардың алдын алу шараларын мейлінше күшейтіп, насихат жұмыстарын жандандыра түскен жөн.

Жуырда осы мақсатта Сарыағаш ауданы Жылға ауылдық округінің № 44 Ғ.Мұстафин атындағы жалпы орта мектебінде жастарға экстремизм, терроризмнің таралу себептерін, оған қарсы əрекет түрлері жөнінде жəне теріс діни ағымдардың алдын алу мақсатында ауылдың бас имамы О.Сейдазов, тəрбие ісі жөніндегі орынбасар Н.Меңлібаевтың қатысуымен «Экстремизм, терроризмге қарсы күрес» атты кездесу өтті.

Ал Түркістан облысы Арыс қаласының білім бөліміне қарасты С Қожанов атындағы жалпы орта мектебінде 14 қараша күні «Дін бірлігі–татулықтың негізі» тақырыбында жасөспірімдердің діни сауаттылықтарын жетілдіріп, имандылыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу мақсатында 9-11-сынып оқушыларына жиналыс өткізілді. Жиналысты Ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Əсет пен облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» дінтанушы  маманы Б.Омарбаев өткізді.

Сондай-ақ Сайрам аудандық кітапханасы қызметкерлерімен «Жалын жастар ұйымы» ҚБ-ның ұйымдастыруымен «Қоғамдағы деструктивті діни ұйымдардың теріс идеологияларының алдын алу» тақырыбында кездесу болып өтті.

Кездесуді Түркістан облысы дін істері басқармасының Сайрам ауданындағы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ- нің теолог маманы А.Тажибаев жүргізді.

Кездесуде аудандағы халық арасында мемлекеттік идеологияны насихаттау бағытында діни төзімділікті нығайту, дәстүрлі діндерге сыйластықпен қарау, жастардың діни мәдениетін көтеру, мемлекеттік идеологияға кері әсер етуші дәстүрлі емес келімсек діни ағымдардан жастарды арашалау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, теріс ойлы кері ағымдардың әр түрлі іс-әрекеттеріне қарсы ұлттық рухани иммунитетті көтеру секілді негізгі мәселелер талқыға салынды.  Әсіресе, тұрғындар жалған сипаттағы діндердің және радикалдық ұйымдар мен ағымдардың заңсыз және дәстүрлі емес идеяларының таралуына тосқауыл қою, діни экстремизм мен терроризмнің таралуының алдын алу мәселелерінің орынды көтерілгенін құптап, бұл шаралардың ауқымын әлі де кеңейте түсуді ұсынды. Бүгінде экстремизм мен радикализмнің алдын алу бағытында облыс көлемінде жүргізіліп отырған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барынша кең сипат алып, жанданып келеді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.