Б.ТІЛЕУХАН, Мәжіліс депутаты: Мұндай қандастардың саны қазiр 7000-ға жуықтап қалды

Қазақстан азаматтығын алу үшін ең алдымен оралман куәлігін алып, әрі қарай тұрақты тіркелетін үй таба алмай, үй табылса бір кездегі ықтияр хат және азаматтық алуға керекті қисыны бар, қисынсыз құжаттармен сонымен қоса зорға алатын анықтамалардың бәрін жинап болғанша бар болғаны бір жылға берілетін оралман куәлігінің мерзімі өтіп кеткендіктен, олар азаматтыққа қабылданбай қалып отыр.

Мұндай қандастардың саны қазір 7000-ға жуықтап қалды. Сондықтан оралман куәлігінің мерзімі өтіп кеткен қандастарымызға ең болмаса бір реттік және кемінде жарты жылға осындай мерзімге амнистия жариялап, олардың Қазақстан азаматтығын алуына мүмкіндік беру керек. Сондай-ақ азаматтық алу тәртібі заңнама жүзінде барынша жеңілдетілсе дейміз. Алыстан келген ағайынның бір жылдың ішінде азаматтықты алып үлгермеуі себептеріне жақсылап сараптама жасап, анықтап, осы мәселені түпкілікті шешуге шара көрілсін.

Baq.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.