«АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛ ТҰЛҒАСЫ» атты мәуліт рухани кеші өтті

Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде Сарыағаш аудандық орталық мешітінің және ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Адамзаттың асыл тұлғасы» атты мәуліт рухани кеші өтті. Аталған мерекеге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти, Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы Алау Әділбаев, ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан, ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы Алдияр Қозыбаев қатысты.

Рухани кешті Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының актері Ғалымжан Құрманбекұлы жүргізді. Рухани кеште ҚМДБ-ның өкілі құттықтау сөз сөйлеп, Құран және мәуліт оқылып, дұға жасалды. Сарыағаш медресесінің шәкірттері сахналық қойылым ұсынып, «Ару аналар» тобы мен Сержанәлі Әлібек діни әндер орындады.

Кеш соңында А.Ұтысхан мен аудан имамы Б.Қалдаров қорытынды сөз сөйлеп, рухани кешке келіп қатысқан көрермендерге алғысын білдіре отырып, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген бір отбасыға қаржылай қайырымдылық жасады

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.