Шымкентте Тәуелсіздік күні қарсаңында мерекелік шара өткізілді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне қарсаңында және «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай Шымкент қалалық партия филиалында салтанатты шара ұйымдастырылды. Шараға партия белсенділері, мәслихат депутаттары, бастауыш ұйым төрағалары, жастар қатысты.

«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов партиялықтарды еліміздің айтулы мерекесі — Тәуелсіздік күнімен құттықтады

— Бүгінгі Қазақстан – әлем таныған егеменді мемлекет. Елбасымыз, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев айрықша атап көрсеткендей, тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек! Дүниеде тәуелсіз Қазақстан елі бар, оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар. Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы — бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге берік сенім бар! Олай болса, Тәуелсіздік шаттығы, тәуелсіздік қуанышы баянды болсын! Мерекелеріңізбен!, — деді ол.

20 жылдық тарихы бар «Нұр Отан» партиясы — әрдайым экономикалық, әлеуметтік және саяси реформалардың басы-қасында болған. Бүгінгі таңда да партия жаңа идеялар мен жобалардың генераторы болып келеді. Партияның жұмысын белсенді етуде Шымкент қаласының бастауыш партия ұйымдарының үлесі зор. Партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда қала бойынша 20 мыңнан астам партиялықтың басын қосатын 70-тен аса бастауыш партия ұйымдары еліміздің қарқынды дамуына игі істер атқаруда.

Салтанатты шара барысында республикалық «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауына белсене қатысып, Шымкент қаласы бойынша үздіктер бағалы сыйлықтар және арнайы дипломдармен марапатталды.

Сонымен қатар, партияға қабылданған 10 азаматқа партия билеттері салтанатты түрде табысталды

— Тәуелсіздік 27 жылдығы қарсаңында «Нұр Отан» партиясына мүше болып отырмыз. Әрине, бұл үлкен жауапкершілік және құаныш. «Нұр Отан» — нағыз халықтық партия. Мен өз елімнің патриоты болғандықтан осы партияға мүше болдым. Еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесімді қосқым келеді, — деді партияның жаңа мүшесі, «Хабар-24» арнасының меншік тілшісі Нұрбек Байбосын

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен аяқталды

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.