С.Айтпаева, Сенат депутаты:Ең кішкентай нашақор қазір 7 жаста

Есірткі ашық жар­нама арқылы сатылады. Жыл сайын есірткі бизнесі нашақорлыққа қарсы күресті жеткізбей келеді. Есірткіден түсетін жыл сайынғы әлемдік табыс $320 миллиардтан $600 миллиардқа дейін жетеді. Бұл дүние жүзінің 90 мемлекетінің ІЖӨ-нен артық.

Еліміздегі есірткіге тәуелді 52 мың адамның үш мыңы – балалар. Ең кішкентай нашақор қазір 7 жаста. Ол инъекциялық есірткі қабылдайды. Алматыда 2018 жылдың өзінде ғана 18 бала есепке алынған. Және де бұл толық мәлімет емес. Бұл көрсеткішті тағы бірнеше рет көбейтуге болады. Қазір шегуге арналған қоспалар, синтетикалық есірткілер, кристалдар шығып жатыр, кәмпиттер мен сағыздар да бар. Интернеттен де есірткі табу оңай болып кетті. Есірткі курьері мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі жастағы балаларға түскен. Оқушылар арасында синтетикалық есірткілер кең тараған. Олар негізінен Қытайдан әкелінеді жəне олардың бір түрі, тіпті ваннаға арналған тұз түрінде жеткізілген.

                                                                                                                                                        Baq.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.