Әйелдер күресінің жүлдегерлері марапатталды

QAZYGURT.KZӘйелдер күресінен 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатында жүлдегер атанған қазақстандық үш балуанды Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті марапаттады. 

Румынияның Бухарест қаласында өткен әлемдік додада Мария Седнева, Жәмила Бақбергенова және Гүлмарал Еркебаева қола медальға қол жеткізген болатын.  «Жаңа жыл мерекесінде сыйақы беріп, бізді назардан тыс қалдырмағаны қуантады. Өте қуаныштымыз. Бізге ерекше көңіл бөліп, қолдау көрсеткен басшылыққа, бапкерлерге, Ұлттық олимпиадалық комитетке көп рахмет!», — дейді Жәмила Бақбергенова.

АҚПАРАТ көзі: inform.kz

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.