Б.БАЙБЕК, Алматы қаласының әкімі: МЕНІ ӘБДЕН ШАРШАТҚАН ҚАУЫРТ ЖҰМЫС ЕМЕС…

Шын мәнінде мені әбден шар­шатқан қауырт жұмыс емес, қаңқу сөз. Мысалы, қаладағы ақылы автотұрақтар әкімнің отбасына тиесілі деген сөз өзіме де жетті. Ол өтірік. Біреулер осындай әрекеттермен әкімдікке қысым көрсеткісі келеді.

Қоршауларды алып жатсақ, «әкім темір сатып жатыр» дейді. Заңсыз дүңгіршектерді алдырсақ, «әкім өзінікін қояйын деп жатыр» дейді. Көшелерді жөндеуді бастап едік, «бордюр шығаратын зауыт әкімдікі» деп шықты. Енді мердігерлерге құрылыс материалдарын қайдан алып жатқандарын жариялауды тапсырдық. Еліміздегі интернет арқылы жасалатын электронды сауданың жартысынан астамы оңтүстік астанаға тиеді. Алайда, сауда орындарының тек жартысында сатушылардың кассалық аппараттары жоқ. Жағдайды түбегейлі өзгерту үшін салық қызметкерлері полициямен бірігіп жұмыс істемек. Яғни, саудагерлерге не айыппұл салады, болмаса дүкенін жауып тынады.

ktk.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.