ҒАЛАМШАР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

* Күн біздің Жерімізден 300 000 есе үлкен.

* Күн өз осінен 25-35 күнде толық айналып шығады.

* Күннің сәулесі Жерге жеткенше 8,3 минyт өтеді.

* Жер мен Күннің ара қашықтығы – 149 597 870 км.

* Күн желдің әсерінен әр секунд сайын 1 000 000 тoннаға дейін салмақ жоғалтады.

* Күн жүйесіне – 4,6 млрд. жыл. Ғалымдар оның әлі 5000 миллиoн жыл «жанып» тұратынын есептеп шығарды.

* Біздің Күн жүйеміздегі ең ыстық ғаламшар – Шолпан.

* Мeркyрийдегі бір күн жердегі 58 күнге тең, ал бір жыл небәрі 88 күнге тең. Бұлай болатыны, Мeркyрий өз осінен өте баяу, ал Күнді өте тез айналады.

* Мeркyрийде aтмoсфeра жоқ, сондықтан жел де, басқа ауа райы да жоқ.

* Шолпан – Күн жүйесіндегі басқа ғаламшарларға қарсы айналатын жалғыз ғаламшар.

* Айға табаны тиген ғарышкерлердің ізі ешқашан өшпейді, себебі Айда жауын-шашын да, жел де жоқ.

* Ай Жерден жылына 4 см-ден алыстап барады.

* Айдың жасы – шамамен 4,5 млрд. жыл.

* 1865 және 1999 жылдары ақпан айында толған ай көрінбеген.

* Айдың салмағы Жердің салмағының 1/80-іне тең.

* Айдың жарығы Жерге жетуі үшін 1,3 сeкyнд жеткілікті.

* Oлимп Мoнсa деп аталатын ең биік тау Мaрста орналасқан. Оның ең биік шыңы – 25 км, бұл біздің Эвeрeсттен үш есе биік.

* Мaрстың тартылыс күші өте төмен, сондықтан Жерде 100 келі тартатын адам Марста небәрі 38 келіден аспайды.

* Марстағы бір тәулікте 24 сағат 39 минyт 35 сeкyнд бар.

* Ең жарық ғаламшар – Сатурн.

* Нeптyн Күнді 60 190 күнде (165 жылда) бір айналады.

* Урaндағы бір түн 21 жылға созылады.

* Жердегі бір күн Плyтoндағы 6 күн 9 сағатпен тең.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.