ЕУРОПАДАҒЫ ЕҢ ҚЫМБАТ ШЫРША

Бағалы металдар саудасымен айналы­сатын Pro Aurum неміс компаниясы Мюнхенде Еуропадағы ең қымбат шыршаны орнатты. Шыршаның құны 2,3 млн. еуроны құрайды.

Бұл «жаңажылдық арудың» бағасын аспандатып тұрған нәрсе – ол пирамида пішінінде тұрғызылып, 2018 таза алтын монетамен безендірілген. Ал салмағы – 63 келі. Бұл ғажайып алтын шырша 15 желтоқсанға дейін Pro Aurum компаниясының бас кеңсесінде көздің жауын алып тұратын болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.