ЕҢ ҚЫМБАТ БАЛЫҚ

Жапонияның Хиросима қаласындағы балық фермасында өсіріл­ген коя тұқымды тұқы балығы адам сенгісіз жоғары бағаға сатылды. Атын құпия сақтаған Тайвань тұрғыны ол үшін 1,8 мил­лион доллар төлеген.

Бұл тұқы балық өткен жылғы беделді көрмелердің бірінде бас жүлдені жеңіп алған болатын. Сондықтан оны қолға түсіргісі келгендер бұған дейін де аз болмаған. Бірақ, ешқайсысы мұншалықты көп ақша ұсынбаған. Ал жүлдегер тұқы балықты рекордты сомаға сатып алған тұтынушының өзі де осы тұқымдас балықтарды өсірумен айналысатын көрінеді. Айта кетейік, бұған дейінгі ең қымбат тұқы балық 500 000 долларға сатылған. Соның өзін сарапшылар тым жоғары баға санаған.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.