Хайп қуамыз деп, ғайып болып кетпесек болғаны

«Хайп» деп жүргенімізде «Қазақ» деген аз ұлтымыз майдаланып, азғындап жер бетінен «ғайып» болып кетпесек болғаны. Жалаңаштану арқылы танымалдықтың дәмін татқан Байзақовадан соң, ұлттық сәукелемізді тағып Қазақ еліне түкіргенім бар дегендей Шырынымыз шықты. БАҚ болып, халық болып, шырылдап барынша ақыл-кеңесін  айтып жатты, оны естір құлақ болса. Қыздарымызды тәрбиелеу еркектен, ер азаматтарымыз мықты болса қыздарымыз мұндай арсыз іске бармас еді деп те біраз шуластық. Алайда, елге ие болар, ерлеріміз «Хайп» қуып кешегі Шырынның күйін кешіп жүрсе не дерсіз? Күні кеше сәукеле киіп, жалаңаш шыққан ер адам барлық әлеуметтік желіні шулатты. Кешегі Қабанбай мен Наурызбайдың ұрпақтары енді бұл масқараға не дейді?

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.