ШЫМКЕНТТІК БАС ДӘРІГЕР СОТТАЛДЫ

GAZYGURT: Шымкентте полиция қызметкерінің өліміне кінәлі деп танылған жеке клиниканың бас дәрігері сотталды. Әл-Фараби аудандық соты айыпталушыға 2 жылға шартты жаза тағайындады.

Бір айға жуық қаралған сот отырысы кезінде айыпталушының кінәсі толық дәлелденді. Істі қараған судья Еркін Оспановтың сөзінше,  айыпталушы Қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігімен («Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер») кінәлі деп танылып, тиісті жаза тағайындалған. Жәбірленушілерге  материалдық шығынның төленуіне байланысты тараптар өзара татуласқан. Сондай-ақ, кінәлі тұлғаға 3 жыл көлемінде медициналық қызметпен айналысуға тыйым салынды. Еске салайық, өткен жылдың 25 қыркүйек күні Шымкентте жеке клиникаға қаралуға барған полиция қызметкері қайтыс болған еді. Марқұмның туыстары 29 жастағы полицейдің жеке клиникаға жүкті әйелімен бірге барып, ондағы медицина қызметкерлері сап-сау жігітке екпе жасамас бұрын сынама алғанын айтқан болатын.

АҚПАРАТ көзі: inform.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.