О.АСАНҒАЗЫ: Не деген басынғандық?

“Рухани жаңғыру” туралы мақаланың шыққанына екі жылға таяп қалса да, біздің жастарымыздың тілі көрші мемлекеттің тілінде екені ешкімге жасырын емес. Астана – жастардың қаласы. Астананың тəуелсіздікте жеткен жетістігі – 90 пайыз қазақ тұрамыз. Сонда бұл қаланың тілі қай тіл болу керек? Өкінішке орай, кез келген министрліктің есеп беруі, жазу тілі, сөйлеу тілі – көрші мемлекеттің тілі.

Үкіметтің орысша сөйлегені аздай, өздері бөлген қаржының көбіне орыстілді шаралар өткізіледі.

Сонда Елбасының “Рухани жаңғыруы” не болды, “Ұлы даланың жеті қыры” не болды? Біз өзіміздің тілімізде сөйлемей отырып, кімге не үйретеміз? Ешкімнен жасырын емес, əуежайға барсаң, бəрі орысша сөйлейді, пойызға мінсең, орысша сөйлейді, сапаржайға бар, банкке, халыққа қызмет көрсету орталығына, сауда үйіне бар, бəрі орысша сөйлейді. Масқара!.

Астанадағы ірі сауда үйінің бірі “мусорный ящик” сөз тіркесін “боқтық салатын жəшік” деп аударып қойған.Бұдан артық қандай кемсіту, қандай қорлау бар? Не деген сұмдық? Не деген басынғандық?

baq.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.