100 жылдық ағаштағы кiтапхана

АҚШ-тың Айдахо штатында шіріген ескі ағашқа қайта жан берген мүсінші ғажайып шағын кітап­хана ашып, жерлес­теріне көз тартар рухани таным нысанын ашып берді.   Бәрі Айдахо тұрғыны Шерели Армитадж Говардтың өз қақпасының жанында өсіп тұрған теректі шауып тастағалы жатқанын естіп, оны аман алып қалу ниетінен туындаған. Бір кездері Керд’Ален кітапханасында жұмыс істеген, әрі суретші әйел бірден іске кірісіп, ертегідегі перизаттың үйіне ұқсас ғажайып шағын кітапхананы дүниеге әкеледі. Қазір әрі-бері өткен жүргіншілердің бәрі ерекше кітапхананы қызықтап, ішіндегі кітабын алып оқып қана қоймай, оны жаңа кітаптармен де толықтыруда.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.