«Қалқанқұлақ» фильмінің актері бас жүлдеге ие болды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі мен Дарын республикалық ғылыми практикалық орталығы ұйымдастырған XIV «Зерде» ғылыми жобалар байқауына Шымкент қаласынан 22 оқушы қатысып, өз жобаларын ұсынған болатын. Дәстүрлі конкурста «Қалқанқұлақ» балалар фильмінің  актері, Шымкент қаласындағы  №8 гимназияның 6-сынып оқушысы Нұриман Әділхан «Мультфильмдердің пайдасы мен зияны» жобасымен Бас жүлдеге ие болды. -«Бұл тақырыпты таңдаған себебім 2 жыл бұрын «Қалқанқұлақ» атты телехикаяға түскенмін. Түсірілім жұмыстарынан хабарым бар. Студияда көп уақытымды аниматорлардың жанында  өткіздім. Қағаз бетіне салынған суреттердің көгілдір экранда көрсету жолдарын көрдім. Ол процесс мені өте қатты қызықтырды. Мен жобамды тамыз айынан бастап дайындадым. Біз техникалық дамыған заманда өмір сүрудеміз. Балаларға арналған анимациялық фильмдер де жетерлік. Фильмдер отандық және шетелдік болып екіге бөлінеді. Жоба барысында фильмдердің пайдасы мен зиянын, отандық және шетелдік мультфильмдердің  айырмашылығы мен ерекшеліктерін зерттеп, шығу тарихы және негізін қалаушыларды топтастырдым. Экранға дейінгі жұмыстар және қазақ тіліндегі туындылардың дұрыс сөйлеуге, тілді үйренуге арналған жолдарын қарастырдым»,-дейді Нұриман Нұрланұлы.

Қиял-ғажайыпқа негізделген көп сериялы «Қалқанқұлақ» телехикаясында ақылды Бақбергеннің рөлін сомдаған Нұриман түсірілім барысындағы әрбір сәтті зерттеп, балаларға жеткізуді мақсат етіпті. Жетекшісі — Атеева Жанат Тұрсынқызы.  Нұриман Әділхан келешекте «қазақ киносы мен мультипликация өнеріне үлесін қосуды көздейді. Айта кетсек, Шымкент қаласынан қатысқан 22 оқушының барлығы жүлдемен оралған. Мегаполистің мерейін асырған білімділерді  ата-аналары мен мектеп ұстаздары Теміржол вокзалынан зор құрметпен қарсы алды. Ақмола облысының Шучье қаласында өткен республикалық жарыс 28 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өткен болатын.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.