А.МҰРАДОВ, Мәжіліс депутаты: .. шетелдiк ойыншыларға төленетiн ақшаның көлемi шошытады

Бюджет есебінен шетелдік ойыншыларға төленетін ақшаның көлемі шошытады.Бір ғана «Астана» клубының жылдық бюджеті 12 миллиард теңгені құрайды екен. Мемлекет есебінен қаржыландырылатын клубтар тек шетелдік легионерлерге бірнеше есе жоғары жалақы төлеп отырған. Ал жергілікті ойыншылар айлық алмай да доп қуалай береді. Кәсіби футбол клубтары бүгінде оларға 9 миллиард теңге қарыз. Шетелдік легионерлерден бас тартуды ұсынамын. Оңтүстік Кореяда 3 ойыншыдан артық сырттан адам алдыруға болмайды. Ал кейбір мемлекеттерде мүлдем тыйым салынған. Кішігірім лигаларда жылт еткеннен басқа жетістігі жоқ клубтарға көз жұмып, қаржы бөлуді тоқтату қажет. Кәсіби клубтарға бөлініп жатқан қаржыны жастар футболы мен ауылдарда спорттық нысандарға жұмсайтын кез келді деп есептеймін.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.