Қызды қағып кеткен жүргізушіні қоя берген полиция қызметкері жазаға тартылмақ

QAZYGURT.KZ: Оралда қызды қағып кеткен жүргізушіні қоя берген полиция қызметкері жазаға тартылмақ.Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 6 ақпан күні кешкісін орын алды. Ә.Әйтиев көшесі бойында белгісіз жүргізуші жаяу жүргінші жолағынан кәмелетке толмаған қызды көлігімен қағып, оқиға орнынан кетіп қалған. «Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 1992 жылғы жүргізушіні анықтап, қолға түсірді. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Жәбірленушіге сот-медициналық сараптама тағайындалды, соның қорытындысы бойынша жүргізуші жауапқа тартылатын болады», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен. Сонымен қатар жергілікті БАҚ-тардың бірінде осы оқиғаға куә болған полиция қызметкерінің 12 жасар қызға көмек көрсетпей, жүргізушіні қоя бергені туралы жазылған еді. Бұл дерек бойынша полиция департаментімен қызметтік тексеру басталды. Аталған полиция қызметкері қатаң тәртіптік жазаға тартылатын болады.

 

АҚПАРАТ көзі: inform.kz

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.