Будапеш дүкендерінен Қазақстандық өнімді алуға болады

QAZYGURT.KZ: Будапештте «ВІО» санатындағы супермаркеттерден Қазақстанда шығарылған өнімдерді сатып алуға болады.

«Бүгін Будапешттің «ВІО» санатындағы азық-түлік супермаркетінен Қазақстанда шығарылған өнімді байқадық. Бұл санат өнім сапасының да, бағасының да жоғары екендігін әрі экологиялық таза екендігін білдіреді», — деп жазады Қазақстанның Венгриядағы елшісі Нұрбақ Рүстемов Facebook-тегі парақшасында. Елшінің айтуынша, бұл кішкене болса да Қазақстанның аграрлық секторының үлкен әлеуетінің көрсеткіші. «Еуропа елдерінің азық-түлік импортының көлемі мен географиясын ескерсек, біздің кез келген өнімді сататын нарық үнемі болады. Прогресшіл технологияларды енгізіп, тазалық пен сапалылықты қамтамасыз етсек, жетіп жатыр», — дейді ол. Нұрбақ Рүстемовтің айтуынша, Венгрияға Қазақстаннан мөңке балық та импортталады.

 

АҚПАРАТ көзі: inform.kz 

 

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.