Шымкентте көпбалалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүре алады

QAZYGURT.KZ: Үшінші мегаполисте көпбалалы аналар саны 31 мыңнан асады. Бұл туралы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов 2018 жылғы есебінде айтты.

Шаһар басшысының мәліметінше, көпбалалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүруі үшін бюджеттен арнайы субсидия бөлінеді.  «Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында көпбалалы аналар 1 наурыздан бастап Шымкенттегі қоғамдық көлікте тегін жүре алады. Бұл — аналарға әкімдіктің 8 наурызға деген сыйлығы болсын. Дегенмен, нарық талабын ескере отырып, көлік компанияларының осы бағыттағы шығындарына субсидия ретінде қаржы бөлеміз», — деп атап өтті Ғабидолла Әбдірахымов.

Айта кету керек, биыл қоғамдық көлікті жаңарту үшін Шымкентте 1 мың отандық автобус сатып алынады.

 

АҚПАРАТ көзі: inform.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.