ШЫМКЕНТ: Ескі шаһарға жаңа имам тағайындалды

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің бұйрығымен Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы «Дәуітұлы Шыңғысбай қажы» мешітіне бас имамдық қызметіне ұстаз-ғалым Ералы қажы Есенгелдиев тағайындалды.

Ресми таныстыруға Шымкент қаласы бойынша өкіл имам бірінші орынбасары Ахметжан қажы Керімбек қатыстып, бас мүфти бұйрығын оқып таныстырды. Аталмыш мешітті бір жылға жуық басқарған Рашид Алпысбаев Бас мүфти бұйрығымен Астана қаласы «Ырыскелді қажы» мешітінде найб имам қызметін жалғастыратын болады.

Білімі:

Есенгелдиев Ералы Сапарбаевич 2008-2009 жылдары «Сарыағаш» медресесі. 2010-2014 жж. Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәденеиті универсиетінің «Исламтану» мамандығын бітірген.

Білімін одан әрі жетілдіру мақсатында 2016-2017 жылдары Мысыр Араб Республикасы, Кайр қаласындағы «Ніл» араб тілі орталығының тыңдаушысы болды.

Еңбек жолы:

Есенгелдиев Ералы Сапарбаевич, осы уақытқа дейін Алматы қаласы Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәденеиті универсиетінің жанындағы мешіттің имамы, Әл-Фараби аудандық «Абдул Хамид Қаттани» мешітіні найб имамы, Еңбекші ауданы «Сейіткәрім қажы» мешітінің бас имамы қызметтерін абыроймен атқарған.

Тәжірибесі мол, білімді де білікті маман, өз міндетіне жауапкершілікпен қарайтын маман.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.