«Зүбәржат» салаты

Құрамы: 250 г тауықтың сүбе еті, 1 бас пияз, 4 киви, 100 г қатты ірімшік, майонез, тұз, 3-4 жұмыртқа, 2-3 қызанақ.

Дайындалуы: Тауық еті мен жұмыртқаны суға пісіріңіз. Пияздың ащысын кетіру үшін тураған соң, сіркесу қосылған суға біраз салып, сүзіп алыңыз. Сосын барлығын арасына майонез жаға отырып, мына ретпен қабаттап салып шығыңыз: ұсақ төртбұрыштап туралған тауық еті – ұсақтап туралған пияз – төртбұрыштап туралған қызанақ – пияз – үккіштен өткізілген жұмыртқа – ұсақтап туралған киви. Салатымыз дайын.

Асыңыз дәмді болсын!

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.