Ең кiшкентай түнгi клуб

Гиннестің рекордтар кітабына жақында тағы бір жаңа жазба енгізілуі мүмкін. Бұл жолы әңгіме Club 28 деп аталатын әлемдегі ең кішкентай клуб жайлы болмақ.

Әрине, клубқа келуші қонақтардың саны шектеулі. Себебі, Club 28-дің аумағы – небәрі 2 метр, ал ені – 90 сантиметр, биіктігі 1,5 метрден сәл ғана асады. Ұлыбританиядағы Ротемер карнавалына арнап ағаштан тұрғызылған бұл клуб көп адамға ұнаған. Ішінде алты адамға арналған үстел, ди-джейдің орны, би алаңы және жарық техникасы бар түнгі клубқа келушілер де аз емес.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.