Мөлдiр балық

Жаңазеландиялық балықшы Стюарт Фрейзер мен оның екі ұлы аралдың жағалауынан Salpa Maggiore деп аталатын мөлдір балықты ұстап алған. Өте сирек кездесетін бұл балықты қолға түсіру қиын, өйткені оның денесі су сияқты мөлдір болғандықтан, көзге де көрінбейді.

Ғалымдардың айтуынша, мөлдір балықтың да сырты басқа балықтар сияқты қатты, қабыршақты келеді, тек ішкі сүйектері мен жүрегі сыртына анық көрініп тұрады. Оның денесі 10 см-ге дейін ғана өседі және су астында топ-топ болып жүреді. Бір қызығы, олар жыныссыз болғандықтан, өз-өздерін ұрықтандырып, өздігінен көбейеді.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.